Павлодарда терезелерді жөндеуді ұсынған алаяқтар ұсталды

 

Облыс орталығының тұрғындарына алаяқтар үйлеріне келіп, ақша үшін терезелерді жөндеуді ұсынған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Бейтаныс адамдар 85 жастағы зейнеткер пәтеріне келіп, терезелерді жөндеуді ұсынған. Бұл туралы әжейдің туыстары біліп полицияға хабарлаған.

 

-Олар өз қызметтерін миллион теңгеге бағалады. Зейнеткердің мұндай ақшасы болған жоқ және ол күйеу баласына хабарласып, "жөндеушілер" айтқан соманы қарызға беруді сұрады. Ер азамат дереу учаскелік полицейден көмек сұрады. Келесі күні жалған келісімшартты жасасу кезінде полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Айдар Әбдікәрімов әріптестерімен бірге алаяқтарды ұстап алып, бөлімшеге жеткізді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

 

Фото:Freepik.com