Павлодарда түнде тыныштық бұзған пәтер иелері жауапқа тартылды



Ағымдағы жылы Павлодар облысында 5 мыңға жуық тыныштықты бұзушы анықталды дейді irbistv.kz тілшісі.

Полицияға түнгі уақытта тыныштықты бұзған көршілер жайлы хабарлама жиі түсуде.

-Сәтбаев көшесі 243 мекенжайындағы көппәтерлі үйдің тұрғындары сағат 05:14-те шағым білдірді. Полицейлер келгенде, пәтердегі туған күн мерекесінің шынымен де созылып кеткендігіне көздері жеткен. Сәл кейінірек сағат 05:40-та осыған ұқсас хабарлама Назарбаев көшесі, 24 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйден келіп түсті. Бұл пәтерде де бір адам шулаған. Нәтижесінде екі баспана иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тәртіп бұзушылармен түнде тыныштықты сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізді,-деді
Павлодар облысының полиция департаменті баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, биыл облыс аумағында тыныштықты бұзғаны үшін 4849 адам жауапқа тартылды.

Фото: Freepik.com