Павлодарда тұрғын үй жанып кете жаздады

Қуанышқа орай зардап шеккендер жоқ. Куәгерлердің айтуынша, алдымен Шымкент көшесіндегі үйдің ауласындағы отын сақтау орны жанады. Кейін өрт көрші ғимараттың шатырына ауысқан. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт таңғы 9-да басталып, бір сағаттан кейін ауыздықталды. Төтенше мамандарының айтуынша, жалын кез келген сәтте көршілес үйлерге ауыса алды.

 

- Жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрады. Аталмыш өртті сөндіруге арнайы техниканың 5 үлгісі жұмылдырылды. Сондай-ақ, жеке құрамның 22 адамы болды. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге, өрттің шығу себебі анықталуда, - деді Павлодар қаласы ТЖБ басшысы Ринат Валишанов .

                       

Мамандар өрттің шығу себебін анықтауда. Бүгінде төтенше жағдай өкілдері жеке сектор тұрғындарын отын қоймалары және басқа да құрылымдарда абай болуға шақырады. Сондай-ақ, электр жабдықтарды тексеріп жүру қажеттілігін еске салады.