Павлодарда велосипед ұрлаған әйел ұсталды



Павлодар қаласының тұрғыны велосипедті ұрлап, қалада теуіп жүргенде полицияға тап болған деп хабарлайды irbistv.kz. тілшісі.

4 сәуір күні полиция кезекті патрульдеу кезінде велосипед үстінде келе жатып, тәртіп сақшыларынан сескеніп, қобалжи бастаған азаматшаны байқап, оны тоқтатуды жөн көреді.

-Тексеріс жасап, бірнеше сұрақ қойып едік, әйел велосипедті ұрлағанын мойындады, -деді полиция департаментінде.

Велосипед қожайынына қайтарылып, ұрыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Фото: Freepik.com