Павлодарда халықаралық іздеуде жүрген есірткі курьері ұсталды

 

Есірткінің заңсыз айналымына байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген әйел, тиым салынған заттардың кезекті партиясымен қолға түскен дейді irbistv.kz тілшісі.

Биыл ақпан айында Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері 42 жастағы әйелді ұстады. Өзімен бірге тыйым салынған заттары болды, оларды қаптамашылар арқылы тарату жоспарланған екен.

-Жалпы салмағы 2 грамм болатын синтетикалық препараттар екенін анықталды. Есірткіден басқа фигуранттан электронды таразы, жеткізушімен хат алмасу үшін пайдаланылатын телефон, сондай - ақ синтетикалық есірткіні өткізуден түскен ақша аударылған банк карталары тәркіленді. Азаматша бір жыл бойы тыйым салынған заттарды таратуға мамандандырылған заңсыз интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеген, қылмыстық әрекеттерді жасырудың әртүрлі әдістерін қолданған,-деді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Қазіргі уақытта есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындағаны, өңдегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, жөнелткені не өткізгені үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Фото: Облыстық ПД