Павлодарда зейнеткер жалған инвестицияларға ақша салып, 5 миллион теңгесінен айрылып қалған
Павлодардың тұрғыны шамамен 5 миллион теңгесін интернет алаяқтарға берген. Оны тиімді инвестиция деген желеумен жеке қаражатын салуға көндірген. Кейін «табысты» жоба ұйымдастырушыларына хабарласқанда олар қоңырауды көтермеген деп хабарлайды irbistv.kz.
- Зейнеткер интернеттен инвестициядан қомақты табыс табуға болатыны туралы жарнама көрген. Сайтқа тіркеліп, оған өзінің жинаған қаражатын салған. Ал үстінен түскен ақшаны алу үшін хабарласқанда, алаяқтар байланысқа шықпай, әйелді бір тиынсыз қалдырған, -деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаментінде.
Полицияның хабарлауынша аймағымызда мұндай жүйе арқылы 80-нен астам адам алаяқтардың арбауына түскен.
Фото: Freepik.com
