Павлодарда жүргізушіге көрінбейтін нөмір үшін айыппұл салынды

 

 

 

 

 

Тіркеу нөмірінің өшіріліп қалып, қала көшелерінің бойымен жүріп келе жатқан көлік бейнесі әлеуметтік желіде таралған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Полиция бұл факті бойынша, тез арада бұзушыны анықтаған.

 

-Жағдай Павлодар қаласындағы М.Жүсіп көшесінде орын алған. Автокөлік жүргізушісі анықталып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған айыппұл салынды, - деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Айта кетейік, облыс орталығында жыл басынан бері осындай бұзушылық үшін 350 жүргізуші жауапқа тартылған.

 

Фото: Облыстық ПД