Павлодарда жеңіл авто бағанаға соғылды: Үш адам жарақат алды
Жол-көлік оқиғасы демалыс күндері Лермонтов көшесінде болған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, жүргізуші жол белгісінің бағанасына соғылған. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына хабар түскеннен кейін 6 минуттаң соң жеткен.
– Жарақат алған 1963, 1971 және 1985 жылғы әйелдер Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді. Ал жол-көлік оқиғасының тағы бір қатысушысы 29 жастағы ер адам медициналық тексеруден бас тартты, – деп хабарлады Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы.
Айту керек, демалыс күндері тағы бір жол апаты Екібастұзда тіркелді. Көлік қағып кеткен 76 жастағы әйелде жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалуы диагноздары тіркелген. Зейнеткер қалалық ауруханада ем алуда.
Фото: Freepik.com
