Павлодарда жеңіл автокөлік жанды
Тамыздың 5-сі сағат 20:30-да Павлодар қаласында Камзин көшесі бойында жеңіл автокөлікөртен, деп хабарлайды irbistv.kz.
- Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде автокөлік толықтай отқа оранған. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 20:50-де толық сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады, - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
