Павлодарда жедел жәрдем жол апатына ұшырады

 

 

Медициналық бригада отырған көлік пен жеңіл авто соқтығысып, екі жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді дейді irbistv.kz тілшісі

 

Жол көлік оқиғасы 6 қыркүйекте түнгі 01:41-де Толстой – Астана көшелерінің қиылысында орын алған. Volkswagen Passat көлігі мен Hyundai маркалы жедел жәрдем көлігі соқтығысқан.

 

-Медициналық авиация бригадасы белгісіз затпен уланған төрт адамды Шарбақты ауылынан жеткізген кезде қала көшесінже жол-көлік оқиғасы орын алды. Зардап шеккен екі жолаушыға алғашқы көмек көрсетілді. Дәрігерлер жарақат алған жоқ, -деп жеткізді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде

 

Жол көлік оқиғасы дерегі бойынша полилция тексеріс жүргізуде.

 

Фото: Freepik.com