• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда жеті жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты істі қарауды бастады

Павлодарда жеті жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты істі қарауды бастады

Прокурор алдын ала тыңдауда оқиғаның жаға ұстатарлық жайттарымен бөлісті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Өткен жылдың қараша айында із-түзсіз жоғалған Милананы полицейлер мен еріктілерден тұратын 400-ден астам адам іздеген еді. Қыздың анасы ол үйден қашып кетті деген болатын. Барлығы Бесқауға ауылы жанын үш тәулік бойы шарлап таппады, нәтижесінде баланың денесі үйден бірнеше метрде жатқаны анықталды. Қызды өлтірді деген күдікпен анасы және оның көңілдесі ұсталды. Бүгін прокурор оқиғаның қалай болғанын айтты.

 

- 2023 жылдың 17 қарашасында сағат 12:35-те Абильдинов пен Давыдова аталған мекенжайдағы үйдің дәлізінде ішімдік іше бастаған. Біраз уақыттан соң екеуі сол жерде өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Сол кезде мектептен оралған Милана Давыдова кіріп келіп, барлығын көріп қойған. Ол ренжіп, барлығын әкеме айтамын деп айғайлап үйге кіріп кеткен,-деді мемлекеттік айыптаушы.

 

Милананың анасы күйеуі біліп қояды деп ойлап, қызын қуып жетіп ұра бастағанда бала есінен танып қалған. Мұның барлығын қыздың кіші інісі көріп тұрған. Қыз еденге құлаған соң анасы мен нақсүйері оны тірі қалдырмауды шешкен. Тергеу нұсқасы бойынша ер адам Милананы белбеумен тұншықтырып, денесін далаға алып шыққан. Бүгін айыпталушы тергеу кезінде полицейлер оған күш қолданғанын мәлімдеді. Айта кету керек, қылмыстық істі «Жас баланы өлтіру» дерегі бойынша қарайды. Бапқа сәйкес 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін.