Павлодарда жол апатынан бала көз жұмды
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан кішкентай бала қаза тауып, екі ересек адам жарақат алды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Атамекен-Русская поляна тасжолының бойында, Ребровка елді мекені маңында болған.
-Lada Granta және BMW көліктерінің жүргізушілері ауруханаға жатқызылды. Жол апатына қатысты тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомство.
Фото: Облыстық ПД