Павлодарда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

18 қаңтарда сағат 19.00 шамасында Kia көлігінің 53 жастағы жүргізушісі Орталық өнеркәсіп аймағы көшесіндегі ғимаратқа қарама-қарсы жерде рөлді басқара алмай, трамвайлардың байланыс желісінің тірегіне соқтығысқан.

Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.

Осы факті бойынша тексеру жүргізіледі, сараптама тағайындалады. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.