Павлодарда жол апатынан жас жігіт көз жұмды

21 қараша күні сағат 04:25 шамасында Сәтбаев пен Есенәлиев көшелерінің қиылысында Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізуші жол қоршауына, кейін қозғалысты жалғастыра отырып, жарықтандыру тірегіне, ағашқа және үйдің қоршауына соқтығысты.

Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.