Павлодарда жол ережесін 30 рет бұзып, қомақты айыппұл төлемей жүрген жүргізуші ұсталды
42-жасар әйел жол ережелерін жүйелі түрде бұзу салдарынан, 2 миллион теңгеге айыппұл арқалаған дейді irbistv.kz тілшісі.
Жол ережесін өрескел бұзған жергілікті тұрғын Назарбаев даңғылында полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.
– Қысқа мерзім ішінде жүргізуші жол ережесін шамамен 30 рет бұзған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асып түсті. Кей жағдайларда ол көлігін аса жоғары жылдамдықпен айдаған. Автокөлік шетелде тіркелген. Қазіргі таңда көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, ал жүргізуші барлық айыппұлдарды толық төлеуге міндетті. Мәселен, қазан айында жүргізуші Омбы тас жолында жылдамдық режимін бұзып, елді мекен ішінде 60 км/сағ шектелген жылдамдық орнына 93 км/сағ жылдамдықпен жүрген, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.
Айтукерек, биыл айыппұлдарын төлемегені үшін 42 көлікті айыппұл тұрағына қойды. Барлық айыппұлдарды өтегеннен кейін көліктер иелеріне қайтарылды.
Фото: Облыстық ПД