• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда жол көлік апатына кінәлі деп танылған 41 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды

Павлодарда жол көлік апатына кінәлі деп танылған 41 жастағы ер адам бас бостандығынан айырылды

 

 

Павлодардағы Абай-Амангелді көшелерінің қиылысындағы апат таңғы сағат 11 шамасында орын алды. Сот үкімінен белгілі болғандай, Форд жүргізушісі құрылыс дүкеніне бара жатқан. Тыңдауларда ол сағатына 40-50 шақырым жылдамдықпен жүрдім деп сендірді. Бұл ретте, қиылысқа келгенде басқа көліктерді көрмегенін мойындады. Жол көлік оқиғасы Skoda және Toyota автокөлітерін де жанап өтті, соңғысының жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жол бермеген 41 жастағы ер адам кінәсін толық мойындады.

 

- Сот сотталушы П. есімді азаматты 345-баптың 3-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды және оған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде ең төменгі қауіпсіздікті өтей отырып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және көлік құралын басқару құқығын 5 жыл мерзімге айыру кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ,-деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

Сот үкімімен ер адамға жәбірленушілерге жалпы сомасы 4 миллион теңгеге моральдық залал төлеу міндеттелді. Және 1 миллион 200 мың теңгеден астам материалдық залал да өндірілді.