• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда «Hyundai» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, трамвайға соғылды

Павлодарда «Hyundai» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, трамвайға соғылды

Жол апаты қарашаның 18-і сағат 21:00 шамасында болған. Трамвай жолаушыларының айтуынша, жеңіл автокөлік қатты жылдамдықпен алдымен жол жиегіндегі бұталарға соғылып, кейін барып трамвайға тиген.

 

— «Hyundai Sonata» автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, рөлге ие бола алмаған. Соның салдарынан жол жиегіндегі бұталарға соғылып, кейін трамвай вагонымен соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды, — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.