• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда «Кибер-Шерифке» қызмет көрсету келісімшарты заңсыз деп танылды

Павлодарда «Кибер-Шерифке» қызмет көрсету келісімшарты заңсыз деп танылды

Мұндай шешімге байқауда жеңіске жеткен компанияның күмәнді құжаттар ұсынуы себеп болған. Фирма өз мамандарының біліктілігін растау мақсатында Амстердамда орналасқан «Learn2Max» орталығы берді деген құжаттарды өткізген.

 

Алайда Нидерланды Сауда палатасының ресми тексерісі ел аумағында мұндай ұйымның мүлдем тіркелмегенін, ал ондағы мекенжайдың жалған екенін көрсетті. Сонымен қатар «Кибер-Шериф» кешенін әзірлеуші кәсіпорын да жеңімпаз серіктестік қызметкерлеріне арнайы курстар өткізбегенін растады.

 

- Сатып алынатын қызметтер әлеуетті өнім берушіден «Кибер-Шериф» бағдарламасын техникалық сүйемелдеу бойынша нақты білімді талап етеді. Бұл, өз кезегінде, Департамент пен полиция қызметінің ақпараттық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты сот мемлекеттік сатып алу қорытындысы хаттамасын заңсыз деп танып, оның күшін жойды, ал серіктестікпен жасалған келісімшарт жарамсыз деп танылды. Шешім заңды күшіне енді, — деп хабарлады Павлодар облыстық МАӘС баспасөз қызметінен.