Павлодарда қарақшылық жасады деген күдікті ұсталды.

- Полицейлер кешенді шұғыл-іздестіру шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде қылмыс бір сағаттың ішінде ашылды. Аталмыш заңсыздықты жасады деген күдікпен бұрындары істі болмаған Павлодар облысының 22 жасар тұрғыны ұсталды. Ұрланған ақша тәркіленген, - деді Павлодар облысы ПД бастығы Нұрлан Масимов.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша ер адамның бұдан да басқа тақылеттес істерге қатысы бары анықталған. Дәл сол күні ол Кенжекөлдегі дүкендердің бірінен күш көрсету арқылы ақша алып кетпекші болыпты. Аталмыш деректер бойынша қарақшылық жасау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауда.