• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда қауіпті маневр жасаған жүргізуші жол апатына себеп бола жаздады

Павлодарда қауіпті маневр жасаған жүргізуші жол апатына себеп бола жаздады

 

Әлеуметтік желіде автокөлік бейнетіркегішіне түсіп қалған видео жарияланды. Тәртіп сақшылары бейнежазбаны зерттеп, ереже бұзған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды irbistv.kz.

Бейнекадрлардан «Audi A4» көлігінің жүргізушісі Катаев көшесінің бойымен келе жатып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбестен кенеттен солға бұрылып, жолда апаттық жағдай туғызғаны анық көрінеді.

-Аталған дерек бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 727 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған.

Фото: gemini.google.com ЖИ арқылы жасалған