• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда қаңтар оқиғасына қатысқандарды бостандығын шектеу және айыру жазасы қаупі төніп тұр

Павлодарда қаңтар оқиғасына қатысқандарды бостандығын шектеу және айыру жазасы қаупі төніп тұр

Сотта тараптарды тыңдады, онда прокурор екі айыпталушыны абақтыға қамауды, ал қалғандарына шартты мерзім сұрады.Қылмыстық істі бірнеше бап бойынша қарауда. Оның ішінде жаппай тәртіпсіздікке қатысу және соған шақыру да бар.

Сотталушы тағында алты адам. Олардың үшеуі қамауда. Қаңтардың 5-і күні облыстық әкімдік ғимараты жанындағы алаңға жүздеген адам жиналды. Олардың ішіндегі ең белсенділеріне қатысты қылмыстық іс ашты. Жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру, оған қатысу, билік өкіліне қатысты күш қолдану секілді баптар бар. Мемлекеттік айыптаушы шеруге шыққандарды алаңнан қуып шыққан соң не болғаны туралы айтты.

-Қаңтардың 5-і күні тәртіпсіздіктер кезінде 18:30-да Павлодар қаласында белгісіз тұлғалар Лермонтов-Ак. Сәтбаев көшелерінің қиылысында 964Э нөмірлі автобусты бүлдірді. Сонымен қатар Мәшһүр Жүсіп-Қайырбаев қиылысында 485-шінөмірлі автобусты бүлдірді. Аталмыш тұлғалар осы автобустарды тоқтатып, ішіне кіруге әрекеттенді. Осы көлік құралдарының көмегімен олар көлік қозағылысын жаппақшы болды,-деді мемлеікттік айыптаушы.

Автобустардың иелері сотта жапа шегуші ретінде сөз сөйледі. Тағы біреуінің шетелдік көлігін шеруге шыққандар бүлдірген. Павлодар облысы әкімі аппараты да екі миллион теңге қуыным талап етті. Ғимаратқа жалюзи мен шыны есікті, техниканы сындырып кіріп кеткен болатын. Сотталушылар өз кінәсін әртүрлі мойындады. Біреу толығымен, біреуі жартылай. Олар шығынды өтеумен келіспейді. Дәл солар сындырғаны туралы айғақ жоқ. Тек сотталушылардың бірі қуынымды мойындады.

-Сотқа дейінгі тергеу барысында жиналған айғақтардың барлығы сотталушылардың кінәсін дәлелдейді. Сонымен қатар олардың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлілігін дәлелдейді. Оларды айыптау үкіміне қосуға мүмкіндік береді,-деді мемлеікттік айыптаушы.

Прокурор тараптар отырысында екі сотталушыны бас бостандығынан айыруды сұрады. Біреуіне 7, екіншісіне 5 жыл. Қалғандарын да кінәлі деп танып, абақтыға жібермей шартты мерзіммен жазалауды ұсынды. Үкім жақын уақытта күшіне енеді.