• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда қыз пәтерден қашып шығам деп төртінші қабаттан құлап кеткен

Павлодарда қыз пәтерден қашып шығам деп төртінші қабаттан құлап кеткен

Іс материалдары бойынша қыз жігіттің үйінде қонақта болған. Бірге ішімдік ішкен. Түнгі бірге қарай жапа шегуші үйге қайтуға жиналған, алайда танысы оны жібермепті. Тіпті киінуге кедергі жасаған. Қыз одан қашып балконға тығылған. Төмен түспек болғанда төртінші қабаттан жерге құлайды. Нәтижесінде ер адамды ұстап қылмыстық іс ашқан. Оны сотта кінәлі деп таныды.

- ҚК 126-бабы 3-бөлімі 3,4-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға темір торға қамау жазасы тағайындалсын, - деді судья.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады және оны ақтауды сұрады. Ер адам жазасын қауіпсіздігі орташа абақтыда өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.