Павлодарда қыз зорлаған жігітке сот үкім шығарды

Ішімдікке тойып алған павлодарлық қызды зорлаған. Қылмыстық істе «Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер» бабы да бар. Сотта жапа шегуші мен куәгерлердің жауабына сүйене отырып, жігіке айыптау үкімін шығарды. Сонымен бірге оған бір миллион теңге беруге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді.

- Жазаны жеңілдету және ауырлату жағдайларын ескере отырып, масаң күйде қылмыс жасағаны үшін қауіпсіздігі орташа мекемеге 5 жыл 6 айға қамау жазасы тағайындалсын, - деп жазылған дейді сот үкімінде Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.