Павлодарда құлаған ағаштың астында қалған әйел көз жұмды

Төтенше жағдай мамандары мен медицина қызметкерлері көмек көрсеткенімен, ауыр жарақат салдарынан қала тұрғыны қайтыс болды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Естай көшесінде дауылды жел салдарынан ағаш құлап, аулада өтіп бара жатқан әйелдің үстіне құлағаны жайлы хабарлама 101 пультіне сағат 09:37 келіп түскен. 6 минут ішінде оқиға орнына жедел жәрдем және төтенше жағдай қызметі жұмылдырылды.

 

-1957 жылғы әйел ағаш астында қалған. Өкінішке орай, ауыр жарақат салдарынан көз жұмды. Екі тізесі, кеуде сүйегі, бел омыртқасы, жамбас сүйегі сынып, ішкі органдарының зақымдалуы, зақымданудан есеңгіреудің 3-4 дәрежесі орын алған,-деп хабарлады жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінде.

 

Айту керек, Павлодар қаласында 7 қараға күні жел жылдамдығы 30 м/с дейін жетіп, мектептердегі екі ауысмдағы барлық сынып оқушыларды сабақтары қашықтықтық жүйеге ауыстырылған еді.

 

Фото: ашық дереккөзден алынған