• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда құтқарушылар 5 метрлік жардан құлаған қарияны аман алып қалды

Павлодарда құтқарушылар 5 метрлік жардан құлаған қарияны аман алып қалды

Оқиға қарашаның 8-і Әлихан Бөкейхан көшесінің бойында болған. ТЖД-нің «112» пультіне егде жастағы әйел адамның жар бойымен серуендеп жүріп төмен құлап кеткені туралы шұғыл хабар түскен. Шақырту орнына жеткен құтқарушылар зардап шегушінің орналасқан жерін дереу анықтап, көмек көрсетуге кірісті.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жер бедерінің күрделілігі мен жардың тым тік болуына байланысты эвакуациялау жұмыстарына арнайы альпинистік жабдықтар мен зембіл қолданылды. Құтқарушылар қарияны шамамен 5 метрлік тереңдіктен жоғары алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізген.

Оқиға салдарынан жарақат алған тұрғын сол жерде жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.