• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда үйдің кіреберісі алдында ішімдік ішкендерге 22 мың теңгеден айыппұл салынды

Павлодарда үйдің кіреберісі алдында ішімдік ішкендерге 22 мың теңгеден айыппұл салынды

Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары дәл кіреберіс жанында сауық-сайран құрғандардың үстінен полицияға шағым түсірген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары заң бұзушылардың әрекетін тоқтатты.

 

«Қызу күйде болған барлық азамат Павлодар қалалық уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Олардың әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 22 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады. Егер бір жыл ішінде осы әрекетті қайталаса, сот қаулысымен айыппұл көлемі екі есеге ұлғаяды немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамау шарасы қолданылады», — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

 

Жалпы, жыл басынан бері Павлодар облысында қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу және мас күйде жүруге қатысты 8 576 құқық бұзушылықтың жолы кесілген.