• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда үш ер адамды емшіге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін соттады

Павлодарда үш ер адамды емшіге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін соттады

Іс материалдары бойынша үш жігіт халық емшісіне 2022 жылдың шілдесінде басып кірген. Күдіктілер жапа шегушінің ақшаға емдейтінін біліп, оны тонауды шешкен. Бизнес жолға қойылған. Күн сайын қабылдауға 5-6 клиент келген. Сонымен қатар хиджама жасаған.

 

-Сотқа дейінгі тергеу барысында және сотта ол 2019 жылы Қытайдан Павлодарға келгенін, Гайдар көшесінде үй жалдап, адамдарды халықтық емдеп сол үшін ақша алғанын мойындамады,-деді Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.

 

Жігіттер үйге кірген кезде үй иесі ұлымен бірге бөлмеде болған. Нәтижесінде ұрлық қарақшылық шабуылмен аяқталды. Қылмыстық іс материалдарында қаскүнемдер нәтижесінде 12 миллион теңгені өздерімен алып кетті деп көрсетілген. Үшеуін де ұстады. Үкіммен оларды 10, 11 және 13 жылға бас бостандығынан айырды. Судья жапа шегушінің заңсыз жұмыс істеп жатқаны туралы да жеке қаулы шығарды.

 

-Павлодар облысы аумағында лицензиясы болуы тиіс кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Және бұдан заңсыз материалдық пайда тапқан. Соған байланысты сот аталмыш дерек бойынша осы мәселені шешетін құзіреті бар органдардың жеке қаулы шығарып мән беруі керек деп санайды,-деп жеткізді Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.

 

Енді халық емшісімен салықшылар айналысады. Лицензиясыз медициналық қызмет көрсету бойынша шара қолдану үшін прокуратураның атына да жеке қаулы жіберілді. Ал жігіттерге қарақшылық үшін шығарылған үкім заңды күшіне енген жоқ.