Павлодарда үш көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 11.00 шамасында Абай - Амангелді көшелерінің қиылысында орын алған. Темір тұлпар иесі «жол бер» белгісін елемей, екі көлікпен соқтығысқан. Оқиға орнына, дәрігерлер, құтқарушылар мен полицейлер барды. ТЖ мамандары көлікті тоқтан айыру үшін капотын ашуға тура келді.

 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан, 35 жастағы павлодарлықтың қабырғасы сынып, бас сүйегінен соққы алса, 31 жастағы тағы біреуі көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дерек бойынша тексеріс тағайындалды.