Павлодарда үш шетелдік кафеде заңсыз жұмыс істеген

 

 

 

Жұмыс істеуге рұқсаты жоқ үш шетелдік Павлодардағы кафелердің біріне асханасына орналасқан. Құқық бұзушыларды полицейлер жедел-профилактикалық іс-шара барысында анықтады, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Құқық бұзушылық 6 қазанда анықталған. Ер адамдар Естай көшесіндегі кафеде асхана жұмысшысы болып еңбек еткен. Тексеру барысында олардың тиісті құжаттарсыз жұмыс істегені белгілі болды.

 

-Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы талаптарын бұза отырып шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс берушіге де қатысты әкімшілік материал толтырылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінде.

 

Жалпы, екі күн ішінде облыс аумағында полиция қызметкерлері Қазақстанда болу ережелерін бұзған 76 шетелдік азаматты анықтаған.

 

Фото: Павлодар облысы полиция департаменті