Павлодарда үш үй жанып кетті

Өрт 12.50 Қостанай мен Славгородская көшесіндегі үйлерде басталған. Жалпы аумағы 390 шаршы метр отқа оранған. Ресми ақпаратқа сүйенсек жапсарлас салынған екі үй мен үш шаруашылық ғимаратының шатыры жанды. Тұрғындардың айтуынша жалын тез тараған. Өрт сөндірушілер үйлердің бірінен газ баллонын алып шықты.

 

- 15 минутта барлығы жанып кетті. Баламен ауруханадан келгенім сол еді. Өрт сөндірушілер тез сөндіре алмады. Сулары болмады ғой деймін. Әйтпесе көршілерім жақсы ешкім ішпейді осындай өрт шығатындай, - деді Қостанай көшесінің тұрғыны Оксана Рылькова.

 

Өртті сөндіруге қырыққа жуық адам мен алты техника бірлігі жұмылдырылған. Абырой болғанда құрбандар мен жапа шеккендер жоқ. Себебі мен келтірілген шығын анықталуда.