Павлодарда әйел күйеуін пышақтап тастады деген күдікке ілінген

Бұл ақпарат алдымен әлеуметтік желілердің бірінде пайда болды. Кейін құқық қорғау органдары ақпаратты растады. Ер адамның өлтірілгені туралы хабарлама қазанның 1-і келіп түскен, - деп хабарлайды irbistv.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел күйеуіне пышақ жарақатын салған.

- Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД.

Фото: Freepik.com