Павлодарда әйелін ұрып өлтірген ер адамға үкім шығарды

2020 жылдың мамыр айында көз жұмған Татьяна Феклистованың отбасылық өмірі туралы оның туған әпкесі айтып берді. Күйеу баласының мінезі қатал болғанын, сіңілісі одан қатты қорыққанын жеткізді. Сол кезде әпкесі Татьянаны қалай өлтіргенін де жария еткен болатын.  

 

- Досының айтуынша барлығы тез болған. Оның дене дайындығы мықты, үнемі спортпен айналысатын. Ол керзі етікпен, камуфляж, көзілдірікпен туған секілді көрінетін. Осылай ол Таняны маңдайдан тепкен кезде ол құлап түскен, - деді Татьяна Феклистованың туысы Надежда Кузнецова.

 

Бастапқыда қылмыстық істі адам өліміне әкелген денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қозғаған еді. Кейін оны адам өлтіруге ауыстырды. Сот жабық тәртіпте өтті. Анықталғандай ер адамға кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасады деген айып таққан. Үкім оқылар кезде ол өзін ақтауды сұрады.  

 

- ҚК 58-бөлімі 4-бабы негізінде бірнеше қылмыстық әрекетті біріктіре келе 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Бұл ретте педагогикалық лауазыммен және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге тыйым салынсын, - деді судья.

 

Ер адам алғашқы 5 жылды толық қауіпсіздіктегі түзету мекемесінде өткізеді. Кейін оны қатаң тәртіптегі абақтыға ауыстырмақ. Сонымен қатар сотталушыны екі жапа шегушіге 5 миллион теңгеден моральдық шығын төлеуге міндеттеді.