Павлодарда өртенген ғимараттан ер адамның өлі денесі шығарылды
Мамандар ғимарат ішінен газ баллондарды шығарды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Оқиға 20 қараша күні Бекмаханов көшесіндегі ғимаратта сағат 07:46-да болды. 101 пультіне келген хабарламадан кейін мамандар жұмылдырылды.
-Өртті жою барысында сөндірушілер 2 газ баллонды алып шықты. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады. Өрт орнында ер адамның денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда. Шақырту орнында ТЖД 15 қызметкері мен 5 бірлік техникасы, АМО жұмылдырылды,- деді облыстық ТЖД
фото: облыстық ТЖД