Павлодарда өз таныстары атына 16 смартфон рәсімдеген алаяқ ұсталды

Несиені өзім төлеймін деген, алайда сөзінде тұрмапты. Сонымен қатар алдау жолымен қарызға құлаққап, микротолқынды пеш, мұздатқыш камера алған. Жігіттің өзегелердің сеніміненкіруге әккіленгені соншалық оған алданып қалған қыздың бірі күдіктіге микронесиелік ұйымдардан ақша алып берген, өзінің алтындары мен айфонын ломбардқа салған. Сонымен өз ақшасынан қарыз берген. Жапа шегушілер танысының шығынды өтейтін түрі көрінбегесін полицияға жүгінген. Қылмыстық істі сотта алаяқтық дерегі бойынша қарады, 24 жасар павлодарлық кінәсін мойындады. Оның үш жарым жылға бостандығын шектеп, шығынды өтеуге міндеттеді. Жалпы сома - 4 миллион 400 мың теңге.