• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодардағы мешіт жамағаты 200 баланың мектепке керек-жарағын алып берді

Павлодардағы мешіт жамағаты 200 баланың мектепке керек-жарағын алып берді

«Мектепке жол» акциясы мешіт тарапынан жыл сайын өткізіледі. Биыл да пандемияға қарамастан мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді. Бүгін балақайларға жалпы саны 215 сөмке үлестірілді. Ішінде қажетті жабықтар қамтылған.

- Бәрін қамтып алып кетеміз деп айта алмаймыз өкінішке орай. Былай айтқанда қаншасына жетеді соған тырысамыз. Біз тізімді қалай жасадық, тізімді кейбір мектептер, мұқтаждарға көмек көрсететін қоғамдық ұйымдар әкелді, сосын адамдардың өздері келді. Осылай біз тізімді жан-жақты жинадық, - дейді ҚМДБ ПОФ басшысы, Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Қаражат жинау тамыздың 20-на дейін жалғасқан. Кейіннен «Зекет қорындағы» ақшаға керек-жарақтар сатып алыныпты. Акция өңір көлеміндегі мешіттерде де ұйымдастырылуда. Қайырымдылық шарасы аясында 600-ден астам сөмке таратылмақ.