• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодардағы мәдени ошақ директоры мен кассир 40 миллион теңгеге жалған құжат жасағаны үшін айыпты деп танылды

Павлодардағы мәдени ошақ директоры мен кассир 40 миллион теңгеге жалған құжат жасағаны үшін айыпты деп танылды

Олар жеке басы мақсатында  белгісіз артистерге құжаттар жасады. Барлығы 40 миллионнан астам теңге жұмсалды. Екеуі де кінәсін мойындамады, ақтауды сұрады. Алайда шығынның  бір бөлігін өтеді.

 

- Сот талқылауына енгізілген баптың санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі даусыз жаза болды. Жазаның басқа балама түрлері болған жоқ. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы қорытындыға келгендіктен, бас бостандығынан айыру түріндегі ең төменгі жазаны таңдады, - дейді Павлодар қалалық №2-сотының судьясы Қуаныш Тулебаев.

 

Сот шешім қабылдаған кезде айыпталушылардың жасын да ескерді. Прокурор 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, нәтижесінде сол мерзім тағайындалды. Олар жазасын өтеу үшін орташа қауіпсіздік колониясына жіберілуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.