Павлодардағы полицейлерді көп шақыратын кафелер тізімі

Жыл басынан бері Павлодардағы кафе, бар, мейрамхана және түнгі клубтардан полицияға жалпы 736 шақырту түсті, деп хабарлайды irbistv.kz.

Павлодар облысының полиция департаментінде ойын-сауық және көңіл көтеру орындарының қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлерін назараға алып, 102 желісі арқылы түскен өтініштерге талдау жүргізген.

– Антирейтингке облыс орталығындағы ең көп шақырту тіркелген келесі ойын-сауық орындары енді: «Громче» бары – 65, «Альфа-Т» кафесі - 19, «Hudson» түнгі клубы - 18, «Гараж» клубы - 17, сондай-ақ «JanymSoul» караоке-бары, «Достар», «Celentano», «Лотос», «Южный», «Полянка» кафелері мен «Огни» мейрамханасында 16 хабарламаға дейін тіркелді, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша полиция департаменті мекемелердің басшыларына құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою талабымен ұсынулар жолдады.