Павлодардағы саяжайларда жыл басынан 11 өрт жағдайы тіркелген

 

 

 

Саяжайлардағы өрт көбіне құрғақ шөпті жағудан таралады. Әсіресе қараусыз қалғандардың саны басым. Бәрі қарапайым ережелерді сақтамағанның кесірі. Бүгінде табиғаттың тосын сыйы өрт оқиғаларының алдын алып тұр. Дегенмен де төтеншеліктер рейдтік жұмыстарды барынша жүргізуде.

 

-Қазіргі таңда Азаматтық қорғау және полиция қызметкерлімен жүргізілуде. Енді қазіргі таңда облыс аумағында 4 әкімшілік іс қозғалды. Жалпы сомасы 118 мың тенге айыппұл салынды. + Өрт қауіпті кезеңі басталысынан саяжайларда, далада, үйде, ең қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады ТЖД,-деді Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру басқармасының бастығы Оразбек Уәлиханов.

 

Айта кетейін, өткен жылы баубақша кооперативтерінде 74 өрт оқиғасы тіркелген. 646 саяжай ішінара немесе толық зақымдалған. Тіпті «Надежда» бағбаншылығынан адам мәйіті табылған болатын.