Павлодардағы темір жол жанындағы сағат енді электронды болмақ

 

 

Үнемі тоқтап қалатын болғандықтан мәселені осылай шешуді ұйғарған. Сонымен қатар вокзал алаңы да жаңартылады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Вокзал алаңы жанын жөндеуді облыс әкімінің тапсырмасымен бастаған. Естеріңізге сала кетейін, биыл сәуір айында Павлодардың теміржол станциясын толық қалпына келтірген еді. Ал қазір оған жапсарлас аумақты абаттандыруда. Мұнда асфальт төсеп, жиектастар мен кейбір жерлерде кеспе тасты өзгертуде. Сонымен қатар басты сағатты ауыстырады.

 

- Халық вокзал алаңындағы сағатқа қатысты көп шағымданды. Сол себепті біз механикалық сағатты электрондысына ауыстыруды жөн көрдік. Енді сағат тоқтап қалыпты деген мәселе болмайды деген үміттеміз,-деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Айнұр Садвокасова.

 

Вокзал жаны алаңда сонымен қатар жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері мен жарық бағандарын орнатады. Қала әкімі жөндеу жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін аяқтауды тапсырды.