Павлодардағы жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті

 

 

Жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Оқиға 21 шілде күні Павлодар қаласындағы Жібек жолы айналма жолында болған.

 

- «Jac» маркалы кроссовер «Мерседес» ауыр жүк көлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде жеңіл авто ішіндегі екі адам ауруханаға жатқызылды. Көліктер айып тұрағына қойылды. Тексеріс жүргізілуде,-деді облыстық ПД.