• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодардың 26-жасар тұрғыны ломбардқа бижутерияны алтын деп тапсырып, 5 миллион теңге тапқан

Павлодардың 26-жасар тұрғыны ломбардқа бижутерияны алтын деп тапсырып, 5 миллион теңге тапқан

Павлодарлық ломбардтың бағалаушы кассирі жеті ай бойы бижутерияны алтын бұйым ретінде салып келген. Осылайша, 5 миллион теңгеден астам ақша тапқан. 26 жастағы қыз арзан сырға, жүзік, алқаны теміржол вокзалынан сатып алып оны жұмысында өзі бағалаған. Ол сотта өз кінәсі мен мүліктік шығын келтіргенін мойындады. Нәтижесінде оның 4 жылға бостандығын шектеп, жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке жекті. Ал ақшаны ломбардқа қайтаруы тиіс.