Павлодардың екі тұрғынын қызды тонамақ болғаны үшін соттады

22 және 23 жастағы жігіттер тамыз айында қызға көлігінде отырған кезде тап берген. Мойнынан қысып сөмкесінен ақша іздеген. Алайда жапа шегуші машинадан қашып құтылып, көмекке шақырып айғайлай бастаған. Солай қаскөйлерді үркітіп үлгерген. Павлодарлықтар қылмыс орнынан қашып үлгергенімен, полиция оларды тауып алды. Сотта олар кінәсін жоққа шығармады. Нәтижесінде процессуалдық келісімге келіп, 2 жыл 7 айға бостандығын шектеді.