Павлодарлық полицейлер аяғы ауыр әйелді құтқарды

 

 

Қала тұрғыны Усолка өзенінің үстінен өтетін көпірден секірмек болған. Дер кезінде тәртіп сақшылары көмек көрсеткен деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

"102" жедел нөміріне бейтаныс әйелдің Усолка өзенінің үстінен өтетін көпірден секірмек болғаны жөнінде куәгерден хабарлама келіп түсті. Аталған шақырту бойынша оқиға орнына Павлодар қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — Талғат Камзин мен Еламан Каримов жедел жетті.

 

-Полицейлер көпірде отырған әйелді байқап, кәсіби шеберлік пен жедел әрекет етуінің арқасында оны аман алып қалды. Әйел адам жағаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол жедел жәрдем қызметіне тапсырылды,-деп хабарлайды облыстық полиция департаментінде.

 

фото: Freepik.com