Павлодарлық полицейлер баланың өмірін құтқарып қалуға көмектесті

 



Павлодар облысында полиция қызметкерлері жедел түрде екі жастағы бала отырған көлікпен ілесіп жүрді, ал бүлдіршінге жедел түрде медициналық көмек қажет болған деп хабарлайды irbistv.kz.


Қыз баланың ата-анасы айтып бергендей, сол күні баланың кенеттен талмасы ұстап қалған. Олар жедел жәрдемді күтпестен Мойылды ауылынан Павлодарға жол тартқан. Алайда трассада машина көп болып, жылдам жетуге кедергі келтірген.

 

- Мен не істерімді білмедім. Жолда автопатрульді көріп, қызметкерлерден көмек сұрадық. Жігіттер ойланбастан, біздің қауіпсіз жетуімізге көмектесіп, ауруханаға тез жетуге жәрдем етті. Біздің баланы ауруханаға жетіп, қажетті көмекті алды, - деп айтты баланың анасы алғысын білдіріп.