• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлық сауда қоймасында ірі көлемде контрафактілі ішімдік анықталды

Павлодарлық сауда қоймасында ірі көлемде контрафактілі ішімдік анықталды

 

 

Мемлекеттік кірістер мамандары мораторийге байланысты шағын және орта бизнес өкілдерін тексере алмайды, алайда бұл тәртіпке көтерме сауда өкілдері жатпайды. Сондықтан бұл саладағы олқылықтар ерекше назарда. Осындай мониторингілердің бірінде өңірлік департаменті қызметкерлері заңсыз айналымдағы сыра бөтелкелерін анықтаған. Танымал брендтегі алкоголь, қоймадан дүкен сөрелеріне жеткізілуге жақын еді.

 

-Көтерме сауда қоймасында заңсыз тауарлардың ірі партиясы анықталды. Мамандар ішімдіктің бұлыңғыр екендігін бірден байқаған. Сапасы талапқа сай емес, жалпы 1364 сыра бөтелкесі тіркеленді. Тексеріс бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберілді,-дейді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова.

 

Санкция бойынша, заңсыз айналымдағы алкоголь сусындары жойылып, кәсіпкер әкімшілік жауапкерлікке тартылмақ. Соңғы шешім сот еншісінде.