Павлодарлық жағажайда көлігін қойған жүргізуші жауапқа тартылды

Қаланың көрікті жерлерінің біріне темір тұлпарын қойған азамат айыппұл арқалады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Полиция департаментінің ресми парақшасының Direct бөліміне жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу фактісі түсірілген бейне келіп түсті. Жазбада Павлодар қаласының Орталық жағалауында Toyota Corona автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын тоқтату және тұраққа қою талаптарын бұзғаны көрінеді.

 

-Тексеру жүргізліп, жүргізушінің жеке басы анықталды. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік материал рәсімделді. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері көлік құралын тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзған 1973 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған,-деп мәлім етті полиция департаментінде.

 

Фото: облыстық ПД