Павлодарлық жедел жәрдем төрт күнде 15 жол көлік апатына шыққан



Соңғы төрт тәулікте Павлодар облысының жедел жәрдем көлігі 15 жол көлік апатына барған. Соңғы екеуінде төрт және одан көп адам жапа шеккен деп хабарлайдыirbistv.kz.


30 тамызда Павлодар – Ертіс тас жолында Әуелбек ауылы жанында көлік аударылған. Оқиға орнына Қызылжар мен Мүткеновтен екі жедел жәрдем көлігі жіберілген.

 

- Автомобильдің аударылуы бойынша шақыртуға Қызылжар мен Мүткенов ауылдарынан екі 103 бригадасы бағытталды. Өкінішке орай, екі жапа шегуші 34 жастағы әйел мен 14 жастағы жасөспірім сол жерде көз жұмды. Тағы үшеуі 56 жастағы ер адам мен 1957 және 1973 жылғы әйелдер Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясында.


Дәл сол күні Қалқаман ауылы жанында тағы бір апат орын алған. Машина жолдан ұшып кет 19 жастағы қыз жапа шеккен. Оны апаттар медицинасы орталығы бригадасына тапсырды. Қыздың жанында болған 2004 жылғы үш адам медициналық көмектен бас тартқан.


Айта кету керек, күре жолдардағы жол көлік апаты ең күрделі шақырулар болып табылады. Мұндай жағдайда жедел жету маңызды. Облысымызда жол уақытын қысқарту үшін ірі тас жолдарда әр 50 шақырым сайын қосымша жедел жәрдем бекеттері желісін дамыту жоспарлануда. Бұл адам өмірін санаулы минуттарда сақтап қалу мүмкіндігін арттырады.