• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлықтарға су мен кәріз жүйесі үшін 177 миллион теңге қайтарылуы тиіс

Павлодарлықтарға су мен кәріз жүйесі үшін 177 миллион теңге қайтарылуы тиіс

Монополияға қарсы департамент ақпаратына сәйкес, алпауыт павлодарлықтардан 177 миллион теңгені негізсіз алған. Тарифке сәйкес аталмыш сомаға жөндеу жүргізілуі қажет еді. Бірақ бұл жасалмағандықтан, қала тұрғындарына қаражат қайтарылуы тиіс.

 

-Тұрғындарға тариф шамамен 5 пайызға төмендеуі қажет. 45-тен 43-ке дейін. Заңды тұлғалар үшін 169-дан 163 теңгеге дейін. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелерге де. Тариф төмендетілуі барлық тұтынушылар үшін бірдей болуы тиіс. Қаражат біркелкі қайтарылады,-дейді Павлодар облысы табиғи монополияларды реттеу Комитеті департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев.

 

Осыған байланысты «Водоканалдың» Instagram парақшасында шенеуніктер ақпаратты мерзімнен бұрын жариялағандығын айтуда. Қаражатты қайтару қаулысы тоқтатылды деп жазады. Монополияға қарсы департаментінде жағдайды түсіндірді.

 

-Бүгінде «Павлодар-Водоканал» ЖШС әкімшілік-процестік кодекске сәйкес Департаменттің әрекеттеріне жоғары тұрған органға, яғни Ұлттық экономика министрлігіне шағым түсірді. Шағымды қарау департаменттің және жоғары тұрған басшылықтың қатысуымен жүргізіледі. Бұл ретте департамент тұтынушыларға негізсіз табыстың барлық сомасын өтеу қажеттілігі туралы ұстанымды толықтай қолдайды,-деп мәлім етті департамент басшысы.

 

Орташа алғанда қызметтердің құны 5 пайызға төмендеуі керек және ол келесі жылы жарамды болады. Монополияға қарсы ведомство тарифтің жыл сайынға өсуін ескеріп, одан алып тастау керектігін атап өтті.