Павлодарлық 17 жасар қызды жыныстық қызмет көрсетуге итермелеген

- Мәселен, Павлодарлық 29 жасар ер адам жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы қызды төсек қатынасы қызметін көрсету үшін клиентпен жолықтырған. Оған қатысты кәмелетке толмағанды жезөкешелікке тарту туралы ҚР қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.


Сондай-ақ Екібастұздағы массаж салондарының бірінде әйелдер төсек қатынасы қызметін көрсеткен. Ал Павлодарда ер адам жалдамалы пәтерде жезөкшелікпен айналысатын әйелдерді ұстап, солардың қызметін ұсынған. Барлық деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды деді полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ал тіркеуге алынған әйелдердің арасында Өзбекстан азаматы да бар болып шықты.