• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарлық ер адам үй ауласынан машина ұрлап, оны металл сынықтарына тапсырған

Павлодарлық ер адам үй ауласынан машина ұрлап, оны металл сынықтарына тапсырған

Темір тұлпар Ломова 18/5 мекенжайындағы аулада тұрған. Иесі оны 2015 жылы бір миллион теңгеге сатып алған. Алайда жүрмеген. Біраз уақыттан соң тіпті көшіп кеткен, ал машина осы орында қала берген. 23 жастағы қаскүнем автоны ұрлауды шешкен. Ол тіпті бақылау камерасын елемеген, кейін күдіктіні сол арқылы анықтау мүмкін болды. Жігіт оқиға орнына эвакуатор шақыртып, оны Набережное ауылына апарып, металлоломға тапсырып, көлікті қақ бөліп сол үшін 80 мың теңге алған.

 

-Жапа шегушіге қылмыстық әрекеттермен миллион теңге шығын келтірілді. Сот мұның алдындағы үкім бойынша өтелмеген жазаны қоса отырып 2 жыл 6 айға абақтыға қамау шешімін қабылдады,-деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

 

2021 жылдың қарашасында оны денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін бостандығын шектеп, мамыр айында жазаны 2 жыл 3 ай абақтыға ауыстырған. Көлікті ұрлаған күннің ертесінде оны тергеу изоляторына жіберген. Ұрланған машина үшін жаңа үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.